00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың негізгі қағидаттарын сақтауды қолдайды – Тоқаев

31.03.2023 | 19:50
Елорда ақпарат
28

БҰҰ-мен тығыз ынтымақтастықта Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың негізгі қағидаттарын сақтауды қолдайды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуінде айтты, деп хабарлады Elorda.info Президент баспасөз қызметінің БОРТ №1 телеграм-арнасына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының айтуынша, ядролық қаруды қолдану туралы қауіпті мәлімдемелердің артқаны байқалады.

Оқи отырыңыз: Президент: Инвестиция тарту бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылық позициямызды нығайта береміз

Тоқаев Қазақстан «электронды үкіметті» дамыту бойынша әлемнің үздік отыздығына кіретінін айтты

Атом энергиясы адамзаттың орасан зор жетістігі екенін есте ұстаған жөн. Оны жойқын қару ретінде емес, халықтарымыздың тек бейбіт өмірі үшін пайдалану керек, – деді Президент.

Барлық жаңалықтар