00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Президент: Инвестиция тарту бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылық позициямызды нығайта береміз

31.03.2023 | 19:50
Елорда ақпарат
28

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуінде сөйледі, деп хабарлады Elorda.info Президент баспасөз қызметінің БОРТ №1 телеграм-арнасына сілтеме жасап. 

Президенттің айтуынша, Қазақстан күшті Парламенті бар Президенттік Республика үлгісіне көшу үшін нақты қадам жасады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің рөлі мен мәртебесінің артуы Қазақстанда құқық қорғау тетіктерін күшейтуге, Омбудсменнің өкілеттігін айтарлықтай кеңейтуге және осы институттың мемлекеттік билік пен қоғамдағы рөлін нығайтуға ықпал етеді.

 Саясатымызда «біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» деген постулатты ұстанамыз.

Түптеп келгенде, елімізде дамыған парламенттік дәстүрі бар президенттік республика қалыптасуы керек, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Орталық Азиядағы көшбасшы көшбасшылық позициямызды нығайта беретінімізді айтты. 

Біз ашық экономика қағидатына берік болып қала береміз. Әлемнің 180 елімен сауда  жасаймыз. Жаһандық экономикалық қиындықтарға қарамастан, біздің шикізаттық емес экспортымыз шамамен 40 пайызға өсті.

Біз алдағы уақытта да инвестиция тарту бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылық позициямызды нығайта береміз.

Биылғы 6 айда шетелдік серіктестеріміз еліміздің экономикасына шамамен 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйды. Бұл былтырғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 30 пайызға көп.

Сонымен қатар бізді шетелдік азық-түлік импортының жоғары деңгейі алаңдатады. Бұл инфляцияның өсуіне алып келеді. Сарапшылар Қазақстандағы инфляцияға сыртқы факторлар ықпал ететінін айтып отыр, – деді Президент.

Барлық жаңалықтар