00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

ҰҚШҰ Бас хатшысы Қазақстанға келе жатыр

31.03.2023 | 17:54
Елорда ақпарат
35

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Станислав Зась елімізге жұмыс сапарымен келеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы 9 қазанда ұйымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов мәлім етті.

Сапар барысында елдің жоғары саяси және әскери басшылығымен кездесулер жоспарланған, – делінген хабарламада.

Бұған дейін ҰҚШҰ Бас хатшысы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесу өткізген. Кездесуде Станислав Зась ҰҚШҰ-ның қырғыз-тәжік шекарасындағы дағдарысты жағдайды реттеуге көмектесуге дайын екенін білдірді.

7 қазанда Қазақстанда ҰҚШҰ-ның «Взаимодействие-2022», «Поиск-2022» және «Эшелон-2022» оқу-жаттығулары аяқталды. 

Оқу-жаттығулар ҰҚШҰ қолбасшылығының әскерді басқаруды жоспарлау, тұрақтылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ күштердің далалық дайындық деңгейі және іс-қимылдарының үйлесімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Белгілі болғандай жаттығулардың бір кезеңі Жамбыл облысында өткен.

Ал Қырғызстан елдің Қорғаныс министрлігі қазан айына жоспарлаған ҰҚШҰ-ның «Нерушимое братство-2022» оқу-жаттығуларынан бас тартты. Бұл шешімнің себептері көрсетілмеген.

Барлық жаңалықтар