00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

ҰҚШҰ Ресей-Украина қақтығысына араласа ма – ҚР СІМ жауап берді

31.03.2023 | 17:40
Елорда ақпарат
38

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Ресей мен Украинаның қақтығыс аймағына қатысуы мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.  

Тұтастай алғанда, ҰҚШҰ жауапкершілік аймағы ұйымға мүше мемлекеттердің халықаралық танылған аумақтарымен нақты белгіленген. Және  Ұжымдық қауіпсіздік осы аумақтар шегінде қамтамасыз етіледі. Осылайша, ҰҚШҰ-ның Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс аймағына қатысуы мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ, - деді ол.

СІМ ресми өкілінің айтуынша, Қазақстан халықаралық құқық қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына сәйкес мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың дербес теңдігі мен бейбіт өмір сүру ұстанымдарын ұстанады.

Барлық жаңалықтар