00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Президентті 7 жылға сайлау – демократияның баспалдағы болмақ – Смағұл Елубай

31.03.2023 | 17:20
Елорда ақпарат
72

Бұрынғыдай Президентті екі реттік сайлаудың кемшілігі көп шыққаны жасырын емес. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ендігі Президентті бір мерзімдік 7 жыл уақытқа сайлайтын етіп шешім қабылдады. Кейбіреулер «бұрынғыдай 5 жыл емес, неге 7 жыл?» деп сұрақ қояры анық. Бұл тұрғыда Қазақстанның жас әрі жаңа мемлекет екенін ұмытпағанымыз абзал. Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай осындай пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.  

Президент билікке келгеннен кейін түрлі жобаларды ойластырады, халықаралық аренадағы өз елінің орнын айшықтауға тырысады, инвестиция көздерін тартады. Бұндайда сыртқы көзқарас – шет мемлекеттердің сенімі қажет. Яғни, 7 жыл уақыт ел басқарып тұрған адамның қолға алған реформаларын іске асыруға жеткілікті деп ойластырылғаны көрінеді. Сондықтан бұл шешімді дұрыс қадам ретінде бағалаймын. Оған жұрттың күмәні болмауға тиіс.

Оның үстіне, осы арқылы мемлекетіміз дамыған Батыс елдерінің сенімін алуға тырысады. Бір сөзбен айтқанда, президентті бір мерзімдік 7 жылға сайлау – демократияның баспалдағы саналады. Ал демократияны әділдік орнаған мемлекет ұғымымен байланыстырсақ, қателеспейміз. Бұған қоса, халықтың да билікке деген сенімі нығаяды. Сенім берік болған жерде даму жолына шындап кірісіп, мықтап қадам баса аламыз. Сол арқылы мемлекеттің әлемдегі ықпалы да артатыны даусыз. Енді еліміз жүйелі істерді атқаруға жан салады деп сенемін, – деді ол.

 

Все новости