00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды

04.07.2024 | 09:12
Олжас Сүлейменов
124
Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Фото: дереккөз

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов Индонезия Білім, мәдениет, зерттеулер және технологиялар министрлігі Мәдениет басқармасының бас директоры Хильмар Фаридпен және Индонезияның ҚР-дағы елшісі Мохамад Фаджрул Рахманмен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Ербол Әліқұлов өткен жылы Қазақстан мен Индонезияның дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл толғанын атап өтті.

«Осы уақыт ішінде біздің елдеріміз екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық шеңберінде тығыз және сенімді қарым-қатынас орнатты. Қазір біз екі елдің мәдени іс-шараларға қатысуы арқылы бірлескен жұмысты жандандыруымыз қажет», – деді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы меморандумға 2013 жылы қол қойылды. Серіктестер өзара байланыс аясын кеңейтуге ниетті.

«Қазақстан мен Индонезияның ортақ тұстары көп. Біз – көпұлтты және көпмәдениетті мемлекетпіз. Біздің ынтымақтастығымыз одан да тиімді әрі жемісті болатынына сенімдімін», – деп атап өтті Хильмар Фарид.

Сонымен қатар екі елде де алмасу бойынша оқитын студенттер санын көбейтуді ұсынды.

Жиын соңында қатысушылар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, музыка, театр және кинематография саласындағы ынтымақтастықты қарастыруға және нығайтуға дайын екендіктерін атап өтті.

Все новости