00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Президент кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілікке шақырды

31.03.2023 | 16:58
Елорда ақпарат
33

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті одан әрі дамыту жолындағы отандық кәсіпкерліктің рөлін талқылау бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты екенін атап өтті.

Қазақстан халқына Жолдауымда экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты  – бүкіл еліміздің әл-ауқатын сапалы және инклюзивті түрде жақсарту ісі өзгермейтінін ерекше атап өттім. Бұл мақсатқа еркін әрі тиімді нарықтық экономика құру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Мемлекеттің экономикадағы жетекші рөлі, әсіресе мемлекеттің бизнес ісіне араласуы келмеске кетеді және солай болуға тиіс. Мемлекеттің міндеті – заңға бағынатын бизнеске ел ішінде де, халықаралық нарықта да қолдау көрсету, – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, экономиканы монополиядан арылту және жаңа нарықтар ашу жұмыстары жалғасады.

Бәсекелестік жағдайы теңестіріледі. Енді қандай да бір тұлғаға басымдықтар берілмейді. Үкіметтегі байланыстары мен оның тарапынан жасалатын қамқорлыққа қарамастан, Қазақстанда адал бизнеспен айналысу кез келген адамға тиімді және қауіпсіз болуға тиіс. Бұл – негізгі ұстаным. Біз шағын және орта бизнесті дамытамыз. Кәсіпкерлердің жаңа буынын өсіруге, жаңа идеялар мен ой-пікірлерді қолдауға баса мән береміз. Сонымен қатар мемлекет ірі, қалыптасқан бизнесті қолдаудан бас тартпайды. Бұл туралы жоғарыда айтып өттім. Керісінше, біз, ең алдымен, сіздерді Әділетті Қазақстан құруға белсене атсалысуға шақырамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдеріне осы мақсаттарға жету үшін бірқатар шешім қабылданатынын жеткізді. Атап айтқанда, салық саясаты мен салық әкімшілігі түбегейлі қайта қаралады.

2024 жылы жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Оны әзірлеуге бизнес тікелей қатысады. Бұл – менің Үкіметке берген тапсырмам. 2024 жылдан «басынан бастап реттеу» жүйесі іске қосылады. Бұл бизнесті артық әкімшілік қысымнан босатады. Мемлекеттік сатып алу тәсілдері мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік моделі толығымен қайта қаралып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнама жетілдіріледі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ірі бизнес өкілдерін қоғамды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешуде шет қалмауға шақырды.

Адами капиталға, атап айтқанда, заманауи балабақшалар, жайлы мектептер, ауруханалар, іргелі университеттер салуға, туризмді дамытуға инвестиция құю да маңызды. Сіздер қайырымдылық істер жасауды жалғастыра беретіндеріңізге сенімдіміз. Қазір елімізде мектептердің, студенттер жатақханаларының, жастарға арналған спорт ғимараттарының тапшылығы сезіледі. Сіздердің көмектеріңіз ел үшін елеулі болар еді, – деді Президент.

Жиын соңында Мемлекет басшысы билік пен бизнес арасындағы конструктивті диалогты жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.

Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
01.05.2024 | 14:01
Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
30.04.2024 | 11:04
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
26.04.2024 | 19:30
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
26.04.2024 | 17:42
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
26.04.2024 | 16:45
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
26.04.2024 | 15:29
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
26.04.2024 | 14:53
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
25.04.2024 | 17:45
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
25.04.2024 | 16:51
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
25.04.2024 | 15:55
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
Барлық жаңалықтар