00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Мемлекет басшысы Ираклий Гарибашвилиді қабылдады

25.02.2023 | 12:11
Айман Нығмет
32

Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Гарибашвилиге ілтипат білдіре отырып, екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ бірлескен күш-жігерді жұмылдырудың маңызды екенін атап өтті.

Сіздің сапарыңыз табысты болады деп үміттенемін. Сапарыңыздың бағдарламасы өте тығыз екенін, Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретін бірқатар кездесу жоспарланғанын білемін. Бізді достық және көпжақты ынтымақтастықтың берік арқауы байланыстыратынын айтқым келеді. Біздің міндетіміз – осы достық қарым-қатынастарды жалғастыру және  одан әрі дамыту, – деді Президент.

Кездесу барысында Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар олар көлік-логистикалық іс-қимылдарға да ерекше назар аударды. Көршілес Қытайға тікелей шығатын мүмкіндігі бар болғандықтан, Қазақстан өз нарығын Орталық Азияға ашылатын қақпа ретінде қарастыруды ұсынады. Мемлекеттер аймақ елдері арасындағы байланыстарды нығайту үшін зор маңызы бар Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша серіктес саналады.

Ираклий Гарибашвили кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп,  өз елінің ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін тағы да нақтылады.

Біздің достық және көпжақты ынтымақтастығымыз жақсы дамып келеді. Мен маңызды мәселемен келдім. Екіжақты қатынастарды дамытуға, барлық сала бойынша байланыстарды кеңейтуге мүдделіміз. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы ұлғайып келеді. Бірінші жартыжылдықта бұл бағыттағы көрсеткіш 150 пайызға өсті. Әрине, байланыстарды кеңейту үшін әлеуетіміз мол. Біз өзара қарым-қатынастарды, ынтымақтастықты және достықты бағалаймыз, – деді Грузия премьер-министрі.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Президенті Саломе Зурабишвилиге сәлемін жолдады.

Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
01.05.2024 | 14:01
Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
30.04.2024 | 11:04
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
26.04.2024 | 19:30
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
26.04.2024 | 17:42
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
26.04.2024 | 16:45
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
26.04.2024 | 15:29
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
26.04.2024 | 14:53
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
25.04.2024 | 17:45
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
25.04.2024 | 16:51
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
25.04.2024 | 15:55
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
Барлық жаңалықтар