00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстандықтар Оман Сұлтандығында визасыз 14 күн жүре алады

25.02.2023 | 02:53
Елорда ақпарат
38

Егер ел азаматтары Оманға 14 күннен артық мерзімге баруды жоспарласа, онда тиісті санаттағы визаны ресімдеу қажет. Айта кету керек, елде визасыз болу мерзімін ұзарту қарастырылмаған, бұл қағидарларды бұзу әр күн үшін 10 оман риалы (шамамен 26 АҚШ доллары) мөлшерінде ақшалай айыппұл салуға әкеп соғады.

Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясы аясында елде бірқатар шектеу шаралары қолданылатынына назар аудару керек. Осыған байланысты, бұл елге кіру қағидарларымен Оман әуежайының сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады.

Бұған дейін Қазақстан азаматтарына туристік визасыз Оманға бару үшін паспортында АҚШ, Шенген келісімі елдерінің немесе Жапонияның қолданыстағы визасы болуы қажет еді.

Барлық жаңалықтар