00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Фракцияның қызметін Мәжіліс пен мәслихаттарда жандандыру керек – Тоқаев

25.02.2023 | 01:44
Елорда ақпарат
40

Фракцияның қызметін Мәжілісте және мәслихаттарда жандандыру керек. Партия жанында түрлі кеңестер мен комиссиялар баршылық. Оларда дәл сол мәселелер қайталанып талқыланып келеді, алайда нақты шешімдер сирек қабылданады, - деді Президент партияның кезектен тыс съезінде.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымынша, депутаттық фракциялар диалог алаңдарын ұйымдастыру міндетін өздеріне алып, олардың жұмыстарының қорытындысы бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізуі тиіс.

Қоғамдық пікірталастардың назарын әлеуметтік желілер мен қалалық алаңдардан Парламент қабырғасына және мәслихаттарға ауыстырған дұрыс болар еді. Бұл өз кезегінде өте маңызды міндет. Фракциялар тек депутаттық сауал тетіктерін ғана емес, сонымен қатар парламенттік және қоғамдық тыңдаулардың, бұқаралық пікірсайыстардың мүмкіндіктерін пайдалануы керек, - деді Президент.

Барлық жаңалықтар