00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Ішкі істер министрін таныстырды

25.02.2023 | 01:31
Елорда ақпарат
28

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Тұрғымбаевты Ішкі істер министрі қызметінен босату және Марат Ахметжановты ведомство басшылығына тағайындау туралы жарлықтарға қол қойғанын хабарлады.

Президент қаңтар оқиғасы кезінде арандатушылар мен радикалды күштердің соққысына бірінші болып ішкі істер органдарының қызметкерлері кеудесін тосқанын атап өтті.

Оның айтуынша, көптеген қызметкер өзінің міндетіне адал болып, құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде табандылық пен батылдықтың үлгісін көрсетті.

Бұдан бөлек Президент тергеп-тексеру жұмыстары барысында заңдылықты қамтамасыз етіп, азаматтардың құқығын сақтау қажет екеніне ерекше назар аударды.
Осы қайғылы жағдай ішкі істер органдары жүйесінде кемшіліктердің көп екенін көрсетті. Оны ашық айту керек. Өткен істен барынша сабақ алып, мұндай оқиғаға жол бермеу үшін барлық олқылықтарды анықтап, жою керек. Сондай-ақ қылмыскерлер мен арандатушылардың бәрін тауып, заңға сәйкес жауапқа тарту қажет. Бірақ рұқсат етілмеген тергеп-тексеру әдістеріне мүлде жол бермеу керек, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ішкі істер органдары құқықтық тәртіп пен азматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болуға тиіс.
Мемлекет басшысы жаңа министрге азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға және заңды мүдделерін сақтауға, халықтың полицияға деген сенімін нығайтуға тапсырма берді. Сондай-ақ ішкі істер органдарын реформалау, соның ішінде полиция қызметіне сервистік модель енгізу, қызметкерлерді іріктеудің сапасы мен дайындығын күшейту жұмыстарын жалғастыру қажет екенін айтты.
 

Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
01.05.2024 | 14:01
Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
30.04.2024 | 11:04
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
26.04.2024 | 19:30
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
26.04.2024 | 17:42
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
26.04.2024 | 16:45
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
26.04.2024 | 15:29
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
26.04.2024 | 14:53
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
25.04.2024 | 17:45
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
25.04.2024 | 16:51
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
25.04.2024 | 15:55
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
Барлық жаңалықтар