00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

ҰҚК құрылымы қайта ұйымдастырылатын болды

24.02.2023 | 23:17
Елорда ақпарат
35

Баспасөз қызметінде хабарлағандай, ҰҚК органдары, соның ішінде Шекара қызметі мен «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің құрылымын, міндеті мен функцияларын бағалау және оңтайландыру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған. 

Оқи отырыңыз: Кәрім Мәсімов қамауға алынды

Терроризмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және халықаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес, сондай-ақ экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелерінің қызметін қайта құру және нығайту мәселелері жеке қаралады. 

Тағы оқи отырыңыз: ”Мәсімов ісі” бойынша тың деректер шықты

Жеке құрамның жауынгерлік дайындығын күшейту бойынша тиісті шаралар әзірленген. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың ТҚО режимі жағдайындағы бірлескен іс-қимылдарын жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлей отырып талдау жүргізілуде.

Бұл жұмыстар нәтижесінде ҰҚК органдарының құрылымы қайта ұйымдастырылмақ. 

 

Барлық жаңалықтар