00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Ақпарат және қоғамдық даму министрі имамдармен кездесті

24.02.2023 | 23:05
Елорда ақпарат
30

Министрлік пен ҚМДБ-ның өзара іс-қимыл жасасу мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу болды. Діни қызметкерлер министрге өзекті сауалдарын қойды және қоғамда радикалды діни идеологияның таралуына қарсы іс-қимыл мәселелері кеңінен талқыланды.

Өз сөзінде Асқар Омаров Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдарының жастарды рухани құндылықтар мен адамгершілікке тәрбиелеуде, сондай-ақ ел мұсылмандарын деструктивті сипаттағы түрлі көзқарастардың әсерінен қорғаудағы үлкен рөлін атап өтті.

Қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде Бас мүфтиден бастап, ҚМДБ-ның өңірдегі бас имамдары халықты сабыр мен тыныштыққа шақыру бойынша табанды еңбек еткендеріңіз үшін сіздерге өзімнің шынайы алғысымды білдіремін. Бұл — ел алдында баршамызға жүктелген жауапкершілігі жоғары іс-әрекет деп танимын, — деді министр.

Өз кезегінде, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл "Ислам – бейбітшілік пен ынтымақтастық діні" тақырыбы бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмыстың жеті бағыты бойынша іс-қимыл бағдарламасын қабылдағанын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаһандық трендтерге сәйкес ағартушылық қызметтегі өзара іс-қимылды арттыруға және ақпаратты таратудың тиімді әдістерін пайдалануға дайын екендіктерін білдірді.

Барлық жаңалықтар