00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қайрат Шәріпбаев пен Димаш Досанов “QazaqGaz” және "ҚазТрансОйл" ұлттық компаниялардағы қызметінен кетті

24.02.2023 | 21:49
Елорда ақпарат
41

Ақпаратты "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі растады. 

«QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы шешіміне сәйкес, ҚК. Шәріпбаев берген өтінішіне сәйкес, «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағалығынан босатылды. «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы шешіміне сәйкес Д.Г.Досановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды” , – делінген қордың хабарламасында.

Қайрат Қаматайұлы Шәріпбаев 1963 жылы 16 тамызда туған. 1985 жылы – Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, 1999 жылы-Алматы мемлекеттік университетін бітірген. "Экономист" мамандығы бойынша, саяси ғылымдарының кандидаты.

2020 жылғы қарашадан бастап "ҚазТрансГаз "ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды (2021 жылғы 31 желтоқсаннан бастап – "QazaqGaz "Ұлттық компаниясы" АҚ).

Ал Димаш Досанов 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген, сондай-ақ Джорджтаун университетінің (АҚШ) іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА) дәрежесіне ие.

2016 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін "ҚазТрансОйл" АҚ Бас директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарды. 2016 жылғы тамызда "ҚазТрансОйл" компаниясының бас директоры болып тағайындалды.

 

Барлық жаңалықтар