00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Назарбаеваның Мәжіліс отырыстарына неге қатыспай жүргені белгілі болды

24.02.2023 | 21:35
Елорда ақпарат
31

Ол да басқа әріптестері сияқты денсаулығына байланысты демалыс алып, бүгінгі отырысқа қатысқан жоқ, - деп мәлімдеді Мәжілістің баспасөз қызметінің мамандары.

Stan.kz-тің ақпаратына қарағанда, Мәжіліс отырысына денсаулығына байланысты Дариға Назарбаева ғана емес, 20-ға жуық депутат қатыспаған. 

Белгілі болғандай, Дариға Назарбаева биыл 5 қаңтарда болған Мәжілістің отырысына да келмеген. Ал кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттарына жаңа Премьер-министрді таныстырып, өзінің кезекті Үндеуін жолдаған болатын. Депутат Назарбаева сол отырысқа да қатыспаған.

Мәжілістің жетінші шақырылымында Дариға Назарбаева Nur Otan партиясының тізімі бойынша депутаттық мандатқа ие болды. Ол Экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің құрамына кіреді.

Бұған дейін комитет басшысы Альберт Рау Дариға Назарбаеваның еңбек тәртібін бұзбағанын және жұмысқа дәлелді себеппен келмей жүргенін айтқан. 

Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бірқатар бұқаралық ақпарат құралы Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелері шетел асып кеткені туралы жазған.

Ал Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай ол ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтанда – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыста екенін мәлімдеді.

Барлық жаңалықтар