00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Жаңа министр Мусин жайлы не белгілі

24.02.2023 | 21:33
Елорда ақпарат
44

Ол 1966 жылғы 27 ақпанда Целиноград қаласында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер. Аға әдiлет кеңесшiсi, қаржы полициясының полковнигі.

  • 1984-1986 жылдары Целиноград қаласының Ленин аудандық халық сотының сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, архивариусы.
  • 1986-1989 жылдары "Целиноградоблгазтоп" өндірістік бірлестігінің аға юрисконсульты.
  • 1989-1998 жылдары Целиноград қаласының, Ақмола облысының прокуратура органдарында қызмет еткен, Астана қаласы прокурорының орынбасары.
  • 1998-2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары.
  • 2001-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Батыс Қазақстан облысы Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары.
  • 2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңес аппаратында жұмыс істеген: бас сарапшы, бас инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.
  • 2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары.
  • 2012-2016 жылдары Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы.
  • 2016 жылдың наурызынан бастап алтыншы сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  • 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жетінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты-Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.
  • "Ерен еңбегі үшін", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл", "Астананың 10 жылдығы" медальдарымен, құқық қорғау органдарының ведомстволық наградаларымен марапатталған.
  • Үйленген, үш баласы бар.
Барлық жаңалықтар