00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Facebook пен Қазақстан билігі арасында келісім болғаны расталды

24.02.2023 | 17:35
Елорда ақпарат
30

«Meta-ның (Facebook) бүкіл әлем үкіметі үшін жергілікті заңнаманы бұзады деп санайтын мәтін туралы хабарлауға арналған онлайн каналы бар. Қазақстан «Контентті хабардар етудің ішкі жүйесінің» бір бөлігіне айналды» деп жазды Джордж Чен өзінің Facebook-тегі парақшасына.

Бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Meta (Facebook) компаниясымен келісімге келгенін мәлімдеген болатын. Министр Аида Балаеваның айтуынша, министрлік Meta компаниясымен жағымсыз контентке, әсіресе балаларға зиянды ақпаратқа қарсы тұруда өзара ынтымақтастық орнату жөнінде келісімге келген.

Алайда артынша Facebook әлеуметтік желісіне иелік етуші Meta Platforms (FB.O) компаниясы Қазақстан Үкіметінің әлеуметтік желі контенті туралы есеп жүйесіне эксклюзивті қолжетімділік алғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Біріншіден, біз Қазақстан Үкіметімен бірлескен мәлімдеме жасаған жоқпыз. Оның орнына Қазақстан Үкіметі талқылауларға негізделген өз мәлімдемесін жариялады. Біз оларға жергілікті заңнаманы бұзатын контентті шектеу жөніндегі Үкіметтің сұрауларын жаһандық өңдеу процесі жайлы айтып бердік», - деді Meta Platforms компаниясының Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі саяси коммуникациялар жөніндегі директоры Бен МакКонаги (Ben McConaghy) Reuters агенттігіне жолдаған хатында.

Осыдан кейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан мен Facebook-тің бірлескен мәлімдемесі Қытай, Моңғолия және Орталық Азия өңірі бойынша Meta кеңсесінің басшылығымен келісілгенін жеткізді.

Барлық жаңалықтар