00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Асқар Мамин Башқұртстан басшысымен кездесті

24.02.2023 | 15:09
Елорда ақпарат
36

Тараптар Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдету бойынша өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Үкімет басшысы Қазақстанның Башқұртстанмен сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика, АӨК, өнеркәсіптік кооперация және басқа да салалардағы ынтымақтастығын арттыру үшін елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті.

2021 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,2%-ға өсіп, шамамен $200 млн құрады.

Нұр-Сұлтан мен Уфа қалалары арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Келіссөз барысында аймақаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Жайық (Орал) трансшекаралық өзенінің ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Барлық жаңалықтар