V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысы талқыланды
![](/img/watch-gray.png)
![V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысы талқыланды](/img/articles/8562e0dd7330a2fb8e423ae1cc4d4c02.jpg)
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев елордадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясында Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоғанмен кездесіп, алдағы ойындарды ұйымдастыруға қатысты бірқатар мәселені талқылады, деп хабарлады Elorda.info.
Атап айтқанда, тараптар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын елдердің географиясын кеңейту, демеушілерді тарту, Ойындардың халықаралық телехабарларын ұйымдастыру және V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушыларын әуетасымалдау бойынша жәрдемдесу жайын сөз етті. Сонымен қатар Ермек Маржықпаев пен Біләл Ердоған кездесу барысында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қазіргі уақытта Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы – әлемдегі серпінді дамушы спорттық ұйымдардың бірі. Жақында Анталиядағы 6-шы этноспорт форумы ұйымның қазіргі уақытта әлемдегі дәстүрлі спорт пен ойындарды дамытудың негізгі қозғаушы күші екенін растады.
Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бірлесіп ұйымдастырушысы мәртебесін алуымен құттықтаймын. Бірлескен күш-жігер арқылы қатысушы елдердің кең географиясы қамтыла отырып, ойындар жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін. 2022 жылы Изник (Түркия) қаласында ұйымдастырылған төртінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аса жоғары деңгейде өткенін айтқым келеді. Әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшының қатысуы – ойындардың ауқымды болғанының көрсеткіші. Бұл сөзсіз Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы командасының үлкен үлесі, - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.
Сонымен қатар жиын барысында Ермек Маржықпаев пен Біләл Ердоған келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізетін елді анықтау мәселесін қарастырды. Бұл мәселені Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің жастар және спорт министрлері отырысының күн тәртібіне енгізу ұсынылды.
Кездесу соңында министр Ойындарды ұйымдастыру комитеті ресми іс-шараларға қатысу үшін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының делегацияны қабылдауға дайын екенін жеткізді. Ал Біләл Ердоған өз тарапынан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ойдағыдай өткізуге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![Қазақстандық 2 спортшы жүзуден Олимпиадаға қатысатын болды](/img/articles/2fb545bb6a9e49ff27cdc1a78fe61f47.jpg)
![Елордалық гимнасшы «Азия балалары» ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды](/img/articles/72f49c43e9333c7a51aa6c18781b93ed.jpeg)
![Астаналық спортшы «Азия балалары» ойындарында қола жүлдегер атанды](/img/articles/01bd2749fac4c20e81439faba6e1b966.jpeg)
![Семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпиондары анықталды](/img/articles/d47edaa2849e71ec5d660401055816c9.jpeg)
![V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шеруді қырғыз спортшылары бастайды](/img/articles/30efaf6ea8c8dc3b36d6927b0a08f56a.jpg)
![Ташкентте қазақстандық үш жеңіл атлет чемпион атанды](/img/articles/ad75ba58e034c28ee456a8f253335ef0.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)