Испанияда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасы таныстырылды
![](/img/watch-gray.png)
![Испанияда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасы таныстырылды](/img/articles/3d78e8b94abd519333b20147d41ea607.jpg)
Испанияның Санта Сусанна қаласында Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының (AIPS) 86-шы конгресі өтті. Оның аясында биыл күзде Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасы таныстырылды, деп хабарлады Elorda.info.
Биыл ғасырлық мерейтойын атап өтетін, журналистер өз арасында «спорт басылымдары арасындағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы» атап кеткен AIPS конгресі жыл сайын түрлі елдерде ротациялық негізде өткізіледі.
1924 жылы құрылған AIPS – спорт тақырыбына маманданған журналистердің халықаралық кәсіби ұйымы. Қазіргі уақытта оның 100-ден астам елден 8 мыңға жуық мүшесі бар. Осы жолы құрамында 230-дан астам делегат бар 96 елден барған делегация спорт басылымдары форумына қатысты.
86-шы AIPS конгресі аясында Қазақстан делегациясы 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын таныстырды.
Қазақстандық делегация Дүниежүзілік көшпенділер ойындардың басты миссиясы – әлемдік этноспорт қозғалысын дамыту, жаһандану дәуірінде тарихи-мәдени мұраны және әлем халықтарының алуан түрлілігін сақтау, этноспорт түрлерін, әлем халықтарының дәстүрлі ойындары мен сайыстарын халықаралық аренада насихаттау, дінаралық және мәдениетаралық диалогты, әлем халықтары арасындағы өзара түсіністік, достық пен келісімді нығайту екенін түсіндірді. Қатысушыларға Қазақстан билігінің бұл іс-шараға ерекше мән беретіні де айтылды. Конгресс қатысушылары таныстырылымды зор ықыласпен тыңдады.
Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу Ұлы даланың ғасырлар бойғы бірегей мәдениетімен танысуға қолайлы мүмкіндік береді. Еліңіздегі су тасқынына қарамастан, Қазақстан билігінің әлі де ойындарды өткізуден бас тартпағаны қуантады. Бұл Қазақстанда спортқа зор мән берілетінін айғақтайды, - деді Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының президенті Джованни Мерло.
Форумға қатысушылар алапат су тасқынына байланысты еліміздің бірқатар маңызды халықаралық іс-шарадан бас тартып, бюджет қаражатын үнемдегеніне қарамастан, Қазақстан әлі де Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге дайын екенін құптады, - деп түйіндеді Конгресте еліміздің атынан сөйлеген Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы Азия бөлімшесінің (AIPS ASIA) атқарушы комитетінің мүшесі Ілияс Омаров.
Сондай-ақ, AIPS Конгресі аясында «Sport Plus Qazakhstan» жаңа телеарнасының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар, қазақстандық делегация өкілдері Қауымдастықтың 100 жылдығы аясында тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанда жас тілшілер үшін (AIPS Young reports) халықаралық AIPS семинарын ұйымдастыруға дайын екенін жеткізді.
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![Қазақстандық 2 спортшы жүзуден Олимпиадаға қатысатын болды](/img/articles/2fb545bb6a9e49ff27cdc1a78fe61f47.jpg)
![Елордалық гимнасшы «Азия балалары» ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды](/img/articles/72f49c43e9333c7a51aa6c18781b93ed.jpeg)
![Астаналық спортшы «Азия балалары» ойындарында қола жүлдегер атанды](/img/articles/01bd2749fac4c20e81439faba6e1b966.jpeg)
![Семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпиондары анықталды](/img/articles/d47edaa2849e71ec5d660401055816c9.jpeg)
![V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шеруді қырғыз спортшылары бастайды](/img/articles/30efaf6ea8c8dc3b36d6927b0a08f56a.jpg)
![Ташкентте қазақстандық үш жеңіл атлет чемпион атанды](/img/articles/ad75ba58e034c28ee456a8f253335ef0.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)