Геннадий Головкин ХОК басшысымен кездесті
![Геннадий Головкин ХОК басшысымен кездесті](/img/articles/751d39cf0931815384bd74023bf1bcf5.jpg)
Лозаннада Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Халықаралық Олимпиада комитетіне ресми іс-сапары аяқталды. Олимпиада үйінде Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкиннің ХОК басшысы Томас Бахпен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Аталған оқиға қазақстандық спорт қоғамдастығы үшін маңызды шара болды, сондай-ақ, бұл ҰОК-тің халықаралық олимпиадалық қозғалысқа белсенді араласуға ұмтылғанын көрсетеді. Кездесу Қазақстан мен ХОК арасындағы әріптестікті нығайтуда маңызды қадам саналады.
Бах мырза әңгіме аясында ҰОК президенті Геннадий Головкинді жауапты қызметке сайлануымен құттықтап, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа басшылығына ХОК тарапынан қолдау көрсететінін жеткізді.
ҰОК басшысы өз кезегінде жаңарған команданың басты басымдықтарына назар аударып, халықаралық әріптестік пен атлеттерді қолдау бағдарламаларына ерекше тоқталып өтті.
Геннадий Геннадьевич ҰОК-тің Халықаралық Олимпиада комитетіне сенімді серіктес болып қалатынын және ұйымның барлық бастамаларын, оның ішінде, спортшылар құқығын қорғауға арналған ұсыныстарды әрдайым қолдайтынын айтты.
Тараптар олимпиадалық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді және Олимпиадалық қозғалысты дамыту жұмыстарын, оның ішінде, қозғалысты Орталық Азия аймағында ілгерілету туралы сауалдарды талқылады.
Кездесуден соң ХОК басшысы Геннадий Головкинді ұйымның штаб-пәтеріне келген әйгілі атлеттер қолтаңба қалдыратын олимпиадашылар қабырғасына қол қоюға шақырды.
Халықаралық Олимпиада комитеті мен арнайы Томас Бах мырзаға бізге шақырту жіберіп, жылы қарсы алғаны үшін барша командамыздың атынан алғыс айтамын. Бұл кездесу ортақ мақсат жолында біріккен екі ұйым арасындағы берік әрі сенімді әріптестіктің бастауы боларына күмәнім жоқ, - деп атап өтті Геннадий Головкин.
Айта кетелік, кездесу ХОК директоры Джеймс Маклодтың, ХОК-тің ҰОК-термен қарым-қатынас жөніндегі директорының орынбасары Ольвие Ниамканың және Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Өтешеваның қатысуымен өтті. Екі ұйым басшысы келесі кездесуді Париж Олимпиадасында өткіземіз деп келісті.
22-23 мамыр күндері Лозаннада өткен іс-сапар барысында ҰОК делегациясы ХОК қызметі және Департаменттері басшыларымен бірқатар кездесу өткізіп, екі ұйым қарым-қатынасына байланысты маңызды сауалдар мен мәселелерді тереңінен талқылады.
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![Қазақстандық 2 спортшы жүзуден Олимпиадаға қатысатын болды](/img/articles/2fb545bb6a9e49ff27cdc1a78fe61f47.jpg)
![Елордалық гимнасшы «Азия балалары» ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды](/img/articles/72f49c43e9333c7a51aa6c18781b93ed.jpeg)
![Астаналық спортшы «Азия балалары» ойындарында қола жүлдегер атанды](/img/articles/01bd2749fac4c20e81439faba6e1b966.jpeg)
![Семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпиондары анықталды](/img/articles/d47edaa2849e71ec5d660401055816c9.jpeg)
![V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шеруді қырғыз спортшылары бастайды](/img/articles/30efaf6ea8c8dc3b36d6927b0a08f56a.jpg)
![Ташкентте қазақстандық үш жеңіл атлет чемпион атанды](/img/articles/ad75ba58e034c28ee456a8f253335ef0.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)