Елордада Тәуелсіздік күніне орай теннистен республикалық турнир өтті
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/23104373_2887_4bde_83dd_071375978fb4_0409e91d0e.jpg)
Астанада үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында екінші республикалық жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Туризм және спорт министрлігінің өкілі Өмірзақов Әділхан, қоғам белсендісі Азаматхан Әміртай, Республикалық «Шоудаун соқырлар үстел теннис федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жүзбай Серікұлы қатысты.
Зағип жандардың арасындағы биылғы біріншілікке күннің аяздығына қарамастан, 13 облыс қатысты. Бұл былтырғы көрсеткіштен 2 облысқа артық. Бір жыл ішінде нәтижеміз өсіп жатқанына қуанамын.
Екі күннің ішінде 33 спортшы ерлер және әйелдер арасында жеңімпазды анықтады. Алдағы уақытта көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сынды мемлекеттермен тәжірибе алмасуды көздеп, спортшыларымызды шетке шығаруды жоспарлаймыз, - деді «Шоудаун соқырлар үстел теннис федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жүзбай Серікұлы.
Турнирге Астана мен Шымкент қаласы, Қарағанды, Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Абай, Жетісу, ШҚО, Ақтөбе, Алматы, Ақмола облыстары қатысты.
Жарыс нәтижесі:
Ерлер:
1. Айдар Саташев (Астана қ.)
2. Данияр Сақбосынов (Астана қ.)
3. Керім Бексырғаұлы (Астана қ.)
Әйелдер:
1. Гүлсара Қаттыбекова (Шымкент қ.)
2. Гүлмира Жетпісбаева (Астана қ.)
3. Айдана Егеубаева (Абай облысы)
Республикалық турнирге екінші рет қатарынан қатысып, 2 дүркін жеңімпаз атағына қол жеткіздім. Чемпиондық атақты қорғау үшін аптасына 5 күн тыңғылықты дайындалдым. Еңбегім еш кетпеді. Әйтсе де, қатысушылардың саны артып, әр жеңіс оңайшылықпен келмеді. Бұнымен тоқтап қалмай, ары қарай да шеберлігімді шыңдай беремін, - деді ерлер арасында жеңімпаз атанған Айдар Саташев.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![Қазақстандық 2 спортшы жүзуден Олимпиадаға қатысатын болды](/img/articles/2fb545bb6a9e49ff27cdc1a78fe61f47.jpg)
![Елордалық гимнасшы «Азия балалары» ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды](/img/articles/72f49c43e9333c7a51aa6c18781b93ed.jpeg)
![Астаналық спортшы «Азия балалары» ойындарында қола жүлдегер атанды](/img/articles/01bd2749fac4c20e81439faba6e1b966.jpeg)
![Семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпиондары анықталды](/img/articles/d47edaa2849e71ec5d660401055816c9.jpeg)
![V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шеруді қырғыз спортшылары бастайды](/img/articles/30efaf6ea8c8dc3b36d6927b0a08f56a.jpg)
![Ташкентте қазақстандық үш жеңіл атлет чемпион атанды](/img/articles/ad75ba58e034c28ee456a8f253335ef0.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)