Елордада параүстел теннисінен турнир басталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/e5077f57_a536_4976_881b_8bbd824e179e_02dafa9791.jpg)
1-3 наурыз аралығында өтетін жарыста әлемнің 18 елінің ең үздік параспортшылары бақ сынап жатыр. Олардың арасында Паралимпиада чемпиондары Елена Прокофьева (Ресей), Уилл Бэйли (Ұлыбритания), Алена Канова (Словакия), Лондон Паралимпиадасының чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы Томми Урхайг (Норвегия) пен бірнеше Паралимпиада, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері бар.
Жарыстың ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит қатысты.
Параүстел теннисінен турнир тұңғыш рет Астанада ұйымдастырылып жатқанына қуаныштымыз. Әлемнің 20-ға жуық елінен 150-дей ең үздік спортшылар қатысып жатыр. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін! - деді елорда әкімінің орынбасары Е.Байкен.
Бұл турнирдің қандай ерекшелігі бар?
- ITTF Fa20 para open деңгейлі турнир жылына 14 рет ұйымдастырылады. Оның 4-еуі Париж Паралимпиадасына ұпай жинайтын жарыс саналады. Ал Астанадағы бәсеке Паралимпиадаға қатысуға мүмкіндік беретін дода болып саналады.
- Қазақстан атынан 11 санат бойынша 53 спортшы сынға түсіп жатыр.
- Елімізден Астана қаласы, Атырау, Маңғыстау, Жетісу, ШҚО, Павлодар, Ақмола, БҚО, Қарағанды облыстарының өкілдері ел намысын қорғауда.
- Қазақстаннан алғаш рет 27 параспортшы Паралимпиада, әлем чемпионаттарының жеңімпаздарымен ойнап, тәжірибе жинауға мүмкіндік алады.
- Қазақстан паратеннис спортшылары арасынан бірінші мәрте Париж Паралимпиадасына 4 жерлесіміздің қатысуға мүмкіндігі бар.
Дәл қазіргі сәтте әлемдік рейтингтегі орнымыз:
Париж Паралимпиадасына 7-ші санатта 11 параспортшы қатысады.
Раушан Орынбаева (7-ші санатта 18-орын)
Париж Паралимпиадасына 8-ші санатта 20 параспортшы қатысады.
Әли Мақұлбеков (8-ші санатта 34-орын)
Париж Паралимпиадасына 9-шы санатта 14 параспортшы қатысады.
Талғат Ерекеев (9-шы санатта 30-орын)
Париж Паралимпиадасына 9-шы санатта 11 параспортшы қатысады.
Алтынай Ержанқызы (9-шы санатта 23-орын).
Астанада осындай деңгейдегі турнирдің өткеніне қуаныштымын. 9-шы санаттағы қарсыластарым өте мықты. Әсіресе, Аустралиядан келген Токио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Мелисса Тапперді ерекше атар едім. Бұйырса, чемпион атануға барымды саламын, - дейді турнирдің ең жас қатысушыларының бірі елордалық Алтынай Ержанқызы.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![Қазақстандық 2 спортшы жүзуден Олимпиадаға қатысатын болды](/img/articles/2fb545bb6a9e49ff27cdc1a78fe61f47.jpg)
![Елордалық гимнасшы «Азия балалары» ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды](/img/articles/72f49c43e9333c7a51aa6c18781b93ed.jpeg)
![Астаналық спортшы «Азия балалары» ойындарында қола жүлдегер атанды](/img/articles/01bd2749fac4c20e81439faba6e1b966.jpeg)
![Семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпиондары анықталды](/img/articles/d47edaa2849e71ec5d660401055816c9.jpeg)
![V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шеруді қырғыз спортшылары бастайды](/img/articles/30efaf6ea8c8dc3b36d6927b0a08f56a.jpg)
![Ташкентте қазақстандық үш жеңіл атлет чемпион атанды](/img/articles/ad75ba58e034c28ee456a8f253335ef0.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)