00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Бауыржан Тахауов: Пара волейболшыларымыз Парижге қарқынды дайындалуда

21.05.2024 | 17:59
Қанат Байұзақов
173
Бауыржан Тахауов: Пара волейболшыларымыз Парижге қарқынды дайындалуда
Фото: ашық дереккөз

Отандық пара волейбол спорт түрін дамытуға ерекше үлес қосып жүрген, ұлттық құраманың бас бапкері Бауыржан Тахауов команданың дайындығы жайлы Elorda.info сайтына айтып берді.

Сонау 1996 жылдан кейін Париж Паралимпиадасына жолдама алған спортшылар кеше «Хан шатыр» сауда үйінде алыстан ат терлетіп келген Бразилиямен кездесу өткізіп, 3:1 (25:20, 16:25, 25:21, 25:20) есебімен жеңіске жетті.

Париж Паралимпиадасына дайындық барысы қалай өтіп жатыр?

28 жылдан кейін Париж Паралимпиадасына жолдама алған жігіттеріміз басты додаға қарқынды түрде дайындалып жатыр. Өткен айда АҚШ-қа барып жақсы дайындалып едік. Енді алдағы айда тағы да мұхит асамыз. Әлемде ең мықты ұжым Иранмен, Токио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Ресеймен тағы да күш сынасамыз.

Кеше Бразилиядан басым түстіңіздер. Жалпы осындай қарсыласпен кездесу бізге қандай пайдасын береді?

Бразилия мен Иран секілді елдермен шеберлік алмасқан біз үшін пайдасы мол. Себебі, құрамамыздағы ең бойы ұзын волейболшымыздың бойы небәрі 185 см. Ал Бразилия, Иран сапындағы ойыншылардың бойы 2 метрден асады. Осындай спарринг арқылы бойы ұзындарға қарсы әдісті қалыптастырамыз. Парижге әлі 3 ай уақыт бар. Сондықтан дайындықтарымыз бұнымен шектеліп қалмайды. Шілде айында Нидерланды еліндегі халықаралық турнирге қатысамыз. Ол турнирдің ерекшелігі — Париж Паралимпиадасына қатысатын 6 ел жүлдеге таласады.

Бразилияны азулы қарсылас деуге келе ме?

Бүгін шақыртуымызды қабыл алған Бразилиямен өте жақсы тәжірибе алмастық. Бұл команда Рио және Токио Паралимпиадасының төрттігіне кірген. Дәл қазіргі сәтте әлемдік рейтингте 2-ші орында тұр.

Мықтымен ойнағанда ғана өз қателігіңді көріп, шыңдаласың. Сондықтан бүгінгі кездесу қай жағынан болсын өте пайдалы болды деп есептеймін.

Әлемдік рейтингте 2-ші орында тұрған құраманы сенімді түрде жеңдіңіздер. Бұл құрамамыздың мықтылығын білдіре ме? Паралимпиададағы жоспарларыңыз қандай?

Париж Паралимпиадасына әр құрлықтың ең үздік 8 елі қатысады. Мақсатымыз үздік 6-лыққа кіру. Десе де, барлығы жеребеге байланысты. Сәтті түссе, тіпті Паралимпиаданың жүлдесі де бұйыруы мүмкін. Қолдан келгенімізше, барлығын істейміз. Осы орайда тынығу мен қажетті витаминдерді қабылдау шаралары ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр.

 

Все новости