00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Елордада оқушылар арасында ұлттық ойындардан жарыс өтті

31.03.2023 | 22:54
Сабина Кәкімжан
118

Бүгін Астанадағы мектептер арасында асық ату мен бес асық ұлттық ойындарының жарысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл жарысты Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы өткізіп жатыр.

Асық ату мен бес асықтан 5-6, 78, 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздары анықталды. Кейін олар сәуір мен маусым айларында еліміздің әр қалаларында өтетін ақтық жарыстарға жолдама алды. Екі ойынды дамытуға әрі дәріптеуге Қазақстан Республикасы Асық ату Федерациясы қолдау көрсетіп жатыр, - деді Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының Нұрлан Тяженов.

Қазіргі кезде ұлттық ойынның бұл түрлерімен мектептерде 2000-ға тарта оқушы ойнайды.

Бүгінгі жарысқа Қазақстан Республикасы Асық ату Фдерациясының Президенті, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жомарт Сабыржанов, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев қатысты.

 Бүгінгі жарысқа үлкен дайындықпен келгендеріңізді көріп, қуанып жатырмыз. Әлбетте, жарыста біреуі жеңеді, ендібіреуі жеңіледі. Сондықтан жеңілген ертең қайтадан жеңіске дұрыстап дайындалып келсе деген ойдамын. Осындай іс-шараны ұйымдастырған әріптестеріме алғыс білдіремін. Әрқашан ұлттық ойындарымыз дами берсін. Бүгін жеңіске жеткен барлық жеңімпазды құттықтаймын, - деді Қасымхан Сенғазыев.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медаль, диплом, кубоктар табыс етілді. Енді олар Астана қаласы атынан асық ату мен бес асықтан республикалық Ұлттық мектеп лига жарысында өнер көрсетеді.

Солардың бірі   – бүгінгі қалалық мектеп лигасы шеңберінде 5-6 сынып оқушылары арасында асық атудан  I орын алған №85 мектеп-лицейінің оқушысы Айтуар Сейітхан.

Асық ату жарыстарға 4-сыныптан бастап қатысып келе жатырмын. Ұлттық ойындардың бұл түрі маған ұнайды. Қазір мен 5-ші сыныпта оқимын. Бүгінгі жарыста 1-орынды алдым. Мені жарыстарға дайындап жүрген бапкеріме алғыс айтамын, - деді Айтуар Сейітхан.

Айта кетейік, асық ату мен бес асықтан 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттыұ мектеп лигасы жарыстары осы жылдың 30 қаңтар - 11 ақпан аралығында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің спортзалдарында ұйымдастырылып өткізілді.

Ал жарысқа жалпы білім беретін мектептердің 477 оқушы қатысты. Оның ішінде 273 ұл мен  204 қыз қатысты.

Сабина КӘКІМЖАН

 

Все новости