00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстандық спортшылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады

31.03.2023 | 17:26
Елорда ақпарат
96

Биыл 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Түркияның Изник қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында МСМ Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев мәлімдеді​​​​​​, деп хабарлады Elorda.info.

Бұған дейін дүбірлі дода үш рет қатарынан қырғыз елінде өткен болатын. Төртінші мәрте ұйымдастырылып отырған Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қазақстаннан спорттық делегация қатысады.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – түркі әлемінің ортақ құндылықтарын әлемге паш етіп, көшпенділер мұрасын насихаттауда үлкен жоба болып келе жатқан спорттық шара. IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасына жалпы 50-ге жуық спорт түрі енсе, оның 13-і жарыс ретінде өтеді. Қазақстан құрамасы 4 спорт түрінен жарысқа қатысады. Атап айтқанда, көкпар, жамбы ату, қазақ күресі, дәстүрлі садақ атудан спортшылар бақ сынайды. Теңге ілу мен аударыспақ спортшылар көрсетілім көрсетеді, - деді С.Ерғалиев.

Все новости