00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстандық гимнаст әлем кубогінің қола жүлдегері атанды

25.02.2023 | 04:19
Елорда ақпарат
62

Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан әлем кубогі мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының спортшысы Эльжана Таниева аталған әлемдік бәсекеде қола жүлдеге ие болды. 

Ол ұршықпен жаттығу бойынша финалда 28,7 ұпайын еншіледі. 

Айта кетерлігі, болгариялық Стильяна Николова жарыс жеңімпазы атанса, итальяндық София Раффаэли күміспен күптелді.

Все новости