00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

24.02.2023 | 18:29
Елорда ақпарат
67

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы 6 қарашада Белградта аяқталған әлем чемпионатында жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады. Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанса, Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржанов күміс жүлдеге, Абылайхан Жүсіпов қола жүлдеге ие болды. 

Айта кетерлігі, әлем чемпионатының алтын медаліне ие болған спортшыны мемлекет 15 000 АҚШ долларымен, күміс жүлдегерге – 7 000 АҚШ долларын, ал қола жүлдегерге 5 000 АҚШ долларымен марапаттайды. Сонда-ақ, ұлттық құраманың бас бапкері мен жүлдегерлердің алғашқы және жеке жаттықтырушыларына да беріледі. 

Сыйақылар Олимпиадалық комитет Алматыдағы жиында салтанатты түрде табыс еткен «Халық банкінің» арнайы шығарылған төлем карталарына аударды.

Салтанатты шараға Қазақстан ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков пен Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысты.

«Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан Кеңес Рақышев бастаған Қазақстан бокс федерациясын, бапкерлер құрамын және спортшыларды әлем біріншілігінің медальдарымен құттықтаймын. Бұл нәтиже Олимпиада ойындарынан кейін федерация қайта құрылып, кадрлық өзгерістер енгізіп, жаңа жаттықтырушылар штабымен бірге қателіктермен жұмыс істеп, қорытынды шығарғанын көрсетеді. Бұл жеңістер әрбір отандық жанкүйер үшін маңызды болды, бүкіл ел боксшылардың жетістіктеріне қуанды. Бірақ, әрбір жеңіс пен спорттық жетістіктің артында үлкен команданың – жаттықтырушылардың, спорт дәрігерлерінің, федерацияның орасан зор еңбегі тұрғанын атап өткім келеді. Біз бүгін марапатталатын команданың әр мүшесінің, соның ішінде жеке бапкерлердің, дәрігерлердің, массажшылардың және басқа мамандардың үлесін бағалаймыз", - деді Андрей Крюков.

"Бізде әрдайым ұрпақтар сабақтастығы болды. Жаңартылған құрам өзін сәтті көрсетті. Мен қойылған міндетті орындадық және қазақстандық жанкүйерлердің үмітін ақтадық деп санаймын. Боксшыларымызды әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймын!" - деді Қазақстан бокс федерациясының басшысы Кеңес Рақышев.

Боксшыларға ақшалай сыйлықтарды Қазақстан бокс федерациясының басшысы Кеңес Рақышев табыс етті. Әлем чемпиондарының әрқайсысына 70 мың АҚШ долларынан, күміс жүлдегерлерге 50 мың доллардан, қола жүлдегерлерге 25 мың АҚШ долларынан табыс етілді. Бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов, әлем чемпиондарының жеке бапкерлері Қуанышбай Көкішев пен Мырзағали Айтжанов 10 мың АҚШ долларын алды. Күміс жүлдегерлерінің жеке жаттықтырушылары Ілияс Оралбеков пен Азамат Мақажановтың – 8,5 мың доллар, қола жүлдегердің жеке жаттықтырушысы  Бауыржан Аманбаевқа 5 мың доллардан табысталды. Сондай-ақ жүлделер жаттықтырушылар құрамының өкілдеріне, кешенді ғылыми топ мамандарына, әлем чемпионатына қатысқан басқа да спортшылар мен команда мүшелеріне берілді. 

«Барлық боксшылардың атынан Мемлекет басшысына спортшыларға қолдау көрсетіп, елімізде спортты дамытуға көңіл бөліп отырғаны үшін, сондай-ақ жаттығу жұмыстары мен жарыстарға қатысуымызға барлық жағдай жасап, ел намысын абыроймен қорғауға жігерлендіріп отырған біздің бокс федерациямыз бен Ұлттық Олимпиадалық комитетіне алғыс білдіргім келеді. Біздің қайсысымызды алып қарасаңыз да, әлем чемпионатына басқа да қатысушылар сияқты тек жеңіс үшін аттандық. Бәріміз бірдей үмітті ақтай алмасақ та, ел намысын абыроймен қорғадық деп ойлаймын. Қазіргі таңда спортшылардың бәріне жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін барлық жағдай жасалғанын білеміз және бұдан кейін жаттығуымызды күшейтіп, бұдан да биік белесті бағындырып, қазақстандықтарды қуантуға барымызды саламыз. Баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтаймын!», – деді бокстан құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов.  

Айта кетерлігі, 2022 жылы боксшылар күнтізбесінде үш маңызды дода бар. Олар Азия чемпионаты, 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты және де ең басты дода қыркүйекте Қытайдың Ханьжоу қаласында жоспарланған Азия ойындары. 

Все новости