00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Дэвис кубогының финалына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

24.02.2023 | 17:02
Елорда ақпарат
52

27 қараша күні Қазақстан мен Швеция матчы өтеді. Келесі күні қазақстандықтар 2019 жылы Дэвис кубогының финалына дейін жеткен Канада құрамасымен кортқа шығады. Дэвис кубогының финалдық матчтары алғаш рет Инсбрук, Мадрид және Турин қалаларында бір мезгілде өтеді.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Юрий Щукин бастаған бапкерлік құрам шешуші бәсекеде Александр Бублик (әлемнің 34-ракеткасы), Михаил Кукушкин (159-орын), Дмитрий Попко (162-орын), Андрей Голубев (жұптық сында 35-орын) және Александр Недовесовке (жұптық сында 76-орын) сеніп артып отыр.

Жарыста алты топқа бөлінген 18 команда бақ сынайды. Әр топтың жеңімпаздары мен екінші орын алғандар ішінен екі үздік құрама ширек финалға жолдама алады. Жартылай финалға өткендер жүлделі орындар үшін таласумен бірге 2022 жылдың финалдық кезеңіне қатысу құқығына да ие болады.

Все новости