00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Санкт-Петербург турнирін жеңіспен бастады

24.02.2023 | 17:01
Елорда ақпарат
67

Бублик бастапқы кездесуін орталық кортта дүниежүзілік рейтингте 304-орында тұрған ресейлік Евгений Тюрневпен өткізді. Бірінші партияда қазақстандық теннисші брейкпен алға кетті – 3:1. Сол басымдылығынан айырыла қойған жоқ, қорытынды – 6:3. Екінші сетте де осы сценарий қайталанды – 3:1. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

1 сағат 5 минутқа созылған бәсеке барысында Бублик 12 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 4 эйспен шектелді.

Енді Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 53-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруфпен таласады. Ол алғашқы айналымда рейтингте өзінен екі саты жоғары тұрған аустралиялық Джеймс Даквортты 7:6 (7:1), 6:3 есебімен тізе бүктірген болатын.

Айта кетейік, бұл дода 31 қазанда мәреге жетеді. 

 

Все новости