00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Зарина Дияс Индиан-Уэллсте негізгі турнирге жолдама алды

24.02.2023 | 15:36
Елорда ақпарат
83

Әлемнің 108-ракеткасы З.Дияс іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 138-сатыда тұрған Беларусь өкілі Ольга Говорцовамен ойнады. Қазақстандық теннисші 1 сағат 17 минутқа созылған матчта 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке барысында Зарина 1 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Эйс жасамаған қарсыласы 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді. З.Диястың Индиан-Уэллстің негізгі додасындағы қарсыласы кейін анықталады. Бүгін тағы бір қазақстандық, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева Индиан-Уэллстің алғашқы айналымында рейтингте 74-орындағы германиялық Андреа Петковичпен шеберлік байқасады. Оны жеңсе, Путинцева екінші айналымда Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ыншы, осы жарыстың 13-ракеткасы Елена Рыбакинамен өзара кездеседі.

Ерлер арасында қазақстандық, әлемнің 149-ракеткасы Михаил Кукушкин Индиан-Уэллс турнирінің іріктеу сайыстарының жартылай финалына ойнамастан өтті. Оның қарсыласы, канадалық Стивен Диас кортқа шыққан жоқ. Енді іріктеу сайыстарының финалына өту үшін М.Кукушкин дүниежүзілік рейтингте 178-орында тұрған америкалық Эрнесто Эскобедомен шеберлік байқасады.

Все новости