00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Үзіліс алдым...»: Атаққа қатысты даулы мәселе Әли Оқаповтың денсаулығына әсер еткен

07.11.2023 | 10:00
136
фото: Instagram/aliokapov

«Құрмет» орденімен марапатталып, кейін басы дауға қалған Әли Оқапов өзінің Instagram парақшасында қазіргі жағдайы туралы жазба қалдырды, деп хабарлады Elorda.info.

Оралатын кез келген сияқты. Мен тағы видеоүндеу түсіруді ойладым, бірақ сериал болып кеткенін қаламадым. Жақында отандық youtube арнаға сұхбат шығады, сол жерде ойымды толық айттым. Енді қайтып қозғамауларыңды өтінемін. Қоңырау мен ұсыныс өте көп. Сондықтан аз уақытқа барлық желіден үзіліс алдым. Одан кейін бұл оқиға менің денсаулығыма әсер етіп, қызуым көтеріліп, ауырып қалдым. Стресстен кейін үш келі салмақ тастадым. «Ұрысты тек қарттар бастайды» деген сөз рас екен, – дейді әнші. 

Сондай-ақ әнші осы оқиғаның жақындарына қатты әсер етіп, шетелге демалуға кетіп бара жатқанын айтып өтті. 

Айта кетейік, 26 ​​қазанда Әли Оқаповтың «Құрмет» орденімен марапатталған болатын. Бұл жаңалық әлеуметтік желі қолданушыларының бәрін бірдей қуанта қойған жоқ. Кейін Әли Оқапов видеоүндеу жариялап,  32 жыл бойы алған барлық музыкалық наградалардан бас тарту жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді. 

Все новости