00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Ақбота Керімбекова «Аппақ гүлдетіп» ән салған емшіге қатысты пікір білдірді

Ақбота Керімбекова «Аппақ гүлдетіп» ән салған емшіге қатысты пікір білдірді
фото: instagram.com/botakerim

Танымал әнші Ақбота Керімбекова өзінің Instagram парақшасында шымкенттік емші Ұлықбек Сманов туралы жазба қалдырды, деп хабарлады Elorda.info.

Әнші өз сөзінде, аңқау елге арамза молда болғандардың ақыры жақсы болмайтынын айтып өтті.

«Бәрін көрдім»,-деуге болмайды десек те, маңдайымызға жазылған өнер жолының дәм-тұзы бұйыртып, көп нәрсеге қанықтық, бірақ, дәл мынадайды көру үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Әннің көңілге демеу, жанға медеу болатыны рас, солай екен деп дәл осылай жасауға бола ма?! Аңқау елге арамза молда болғандардың ақыры жақсы болғанын көргенім жоқ, адамдар бірнәрсеге тәуекел етіп немесе бірнәсеге кірісу үшін ақырын неге ойламайды екен осы?..,- деп жазды әнші.

Ақбота Керімбекова жүктеген бейнежазбада емшіге келушілер «Аппақ гүлдер» әнін айтып тұр.

Әбден сарсаңға түсіп, қажығандарты, жанына тыныштық, дертіне дауа іздегендерді сендіру, көндіру оңай… мына үкілі кісінің алдында тұрғандар да бір ғажайыпқа сеніп келген шығар, оларды жазғыра алмаймын, қателік жасағанды табалау еш заманда да дұрыс болмаған. Ал, енді «аппақ гүлдетіп» тұрған кісіге Құдай сана берсін!..

Қасиетті кісілердің есімдерін қор қылды-ау… Сырдағы Серік Ыдырысов ағам айналасына «ақылыңды жойма, ақырыңды ойла»,-деп отырушы еді!..
Ай, өмір-ай, көрсетпегенді көрсеттің-ау. Екінші трансында марқұм Нәби екеуміз орындаған «Ақ шағала» дейтін әннің музыкасына салып алып, ұрып тұрғаны...,- деді А.Керімбекова.

Все новости