00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Елордада көлігін бассейнге айналдырған блогерлер жазаланды

Елордада көлігін бассейнге айналдырған блогерлер жазаланды
фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде NNN лақап атымен танылған блогер Нұрдәулет Бексұлтан мен Ерболат Жанабыловтың елорда көшелерінде су толы көлікпен жүрген видеосы тарады, деп хабарлады Elorda.info.

Жаздың ортасы болды. Ал сен әлі шомылмадың. Достарыңды белгіле, – деп жазды Нұрдәулет Бексұлтан. 

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

 «Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы...Біреулер нандарын асырай алмай жылап жүрсе, біреулер тойынғандықтан көліктің ішінде суға түсіп жүр», «Қарыны тоқтық, уайымы жоқтық аздырар адам баласын», «Бөлексіңдер», «Ақша не істетпейді»,- деп жазды оқырмандар.

Аталған жайтқа қатысты елорда полиция департаменті Tank маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.

Все новости