00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Жүрегін ауыстыру керек»: Әнші Нұрлан Әміров денсаулығына қатысты айтты

17.11.2023 | 10:00
156
Фото: ашық дереккөз

Белгілі әнші «Нұрлан мен Мұрат тобының мүшесі Нұрлан Әміров жұбайы қнер иесінің жүрегі тек 50 пайыз ғана істеп тұрғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы олар Ұйқым келмейді бағарламасына қонаққа келген кезінде мәлімдеді. Оның айтуынша әншіге дәрігерлер жүрегін ауыстыру керек екенін де айтақан кездері болған.

Менен 19 жас үлкен болса да, жас айырмашылығы сезілмейді. Қарсы шыққандар болды. Жүрегінің ақауы бар. Жүрегінің кардиостимуляторы бар. Ол кісі екі рет инфаркт алған. "Жүрегін ауыстыру керек" деп айтқан жағдай да болды. Біздің жүрегіміз 100 пайыз істесе, оның жұмысы тек 50 пайыз жұмыс істейді. Қатты ауырып, "Дайындалыңыз" деген уақыт та болды, - дейді әншінің жұбайы Диана Смағұлова. 

Ал, Нүрланның өзі жүрегіне темір пломба салып қойғанын айтты. 

 Алла "Жыласаң жас берем, ойласаң - бас берем" дейді екен. Ойланып, бәрі тамаша, бәрі керемет деп жүру керек екен. Шынымен, біраз ауырдым. Маған "Жүрегіңді ауыстырасың" деп те айтты. Жүрекке пломба, темір салып қояды екен. Иә, бәрі рас. Шынымен белгісіз деді. "Қалуың да, кетуің де мүмкін" деді. Жігіт болсақ та, көзімізге жас келіп жыладық. Өмірді қимайды екенсің. Өмірімді кішкене ұзартатын болса, темір салуға да дайын болдым. Қазір жүрегіме батарея орнатып қойды. Аппаратты терінің астына тігіп қояды. Өзіме білініп тұрады. Біреуін жүректің астына, біреуін үстіне қойды,- деді әнші.   

Все новости