00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Тірі адамға олай жасай ма?»: әнші өзіне қойылатын мүсінге қатысты ойын айтты

09.02.2024 | 10:03
118
Фото: ашық дереккөз

Әнші, Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова жақында 94 жасқа толған. Өнер иесі «Таңшолпан» бағдарламасында Алматыда өзіне қойылатын мүсінге пікір білдірді, деп хабарлады

Шынымды айтсам, маған үлгісін көрсеткенде қынжылдым. «Айналайын, тірі адамға олай жасай ма?» дедім. Мүсінші жігіт «Апа, қазір бәрі жасап жатыр» деді. Есімін ұмытып қалдым. Соңғы келгенде «Орыны дайын. Панфилов көшесіндегі театрдың алдына қоямыз. Өзіңіз қарап отырасыз» деді. «Біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды» деген болатынмын. Мүсінші жігіт «Ұнайды, ұнамайды деп қарап отыра алмаймыз ғой. Соны жасап жатырмыз» деді. Мен алғыс айттым. Мүсінім сахнада тұрғандай қарап тұрады екен, - деді Бибігүл Төлегенова. 

Сонымен қатар қазақ опера әншісі бүгінде ән айтуды қойғанын айтты. 

Все новости