«Масқара болдық»: Нұрболхан Шарапов келеңсіз оқиғаны есіне алды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/6613b6ca4cf3713f_0847cb3421.jpeg)
Әзілкеш мектепте оқып жүргенде ұрлық жасағанын мойындады.
Сол оқиға әлі есімнен кетпейді. Тіпті сыныптастарым да хабарсыз. 7-8-сыныпта оқитын кезім. Мектептің асханасында тортты тіліп сататын. Бір бөлігі – 15 теңге. Біздің үй мектептің дәл жанында болды. Асханасы үйдің іргесіне тиіп тұратын. Мектепке барғанда тортты сатып алып, күні бойы жеп жүреміз. Бір күні туған ағам «ұрлыққа түсейік» деді. Түнгі 12-де асханаға келдік. Сатушы түнде пісіріп, таңертеңге дайындап, қойып кеткен. Есікті сыммен ашып, ішке кірдік. Тортқа тойып, қайтадан ізімізді жасырдық. Ертеңіне мектепке барып, адамдардың әңгімесін тыңдаймыз. Ешкім ештеңе демейді. Білмей қалады деп ойлап, екінші күні тағы түстік. Күнде екі бүтін торт жейміз. Бір кезде «асханаға ұры түсіпті» деген сыбыс естілді. Ешкім білмей қалады деп ойлап, тағы да ұрланып кірдік. Енді тортты аузымызға сала бергенде біреу ұстап алды. Асхананың меңгерушісі қызын аңдуға қойып қойған екен. Бетімізге дәу жарық түсті. Сол жерде айқай-шу басталды. Үйдегі анам да естіді. Шағын ғана ауыл болғасын, бәрі естиді. Масқара болдық, – деп есіне алды өнер иесі.
Одан кейін оқиғаның қалай аяқталғанын да айтып берді. Айтуынша, анасы асхананың иесіне баласын апарып берген.
Сынып жетекшімнен қатты ұялдым. Ол – асхананың бастығы еді. Анам ұрып-соғып жүріп, апайдың үйіне апарды. Ұстазымның есімі – Жариягүл. Ағам екеуіміз тізерлеп отырып, кешірім сұрадық. Ұсталып қалғаннан кейін «Сынып жетекшім мектептің алдына шығармаса екен» деп ойладым. Онсыз да мектепте жақсы атымыз шықпайды. Апайымның алдында ұялғаным-ай. «Өлтірем десең, балам міне» деп анам мені желкелеп тұрды. Сол оқиға есімнен кетпейді, – дейді актер.
![](/img/articles/4258a0ff4ef27c59118a947b5ebbb550.webp)
![](/img/articles/d58224ce22f9a38fb50f9b3853b9e228.webp)
![](/img/articles/081a259555e319212316f67db21b6004.webp)
![](/img/articles/40adc24f2859c312b155e9f10e952f12.webp)
![Елордада көлігін бассейнге айналдырған блогерлер жазаланды](/img/articles/4258a0ff4ef27c59118a947b5ebbb550.webp)
![Балжан Бидаш үйленбеген жігітке тұрмысқа шығу туралы ойын айтты](/img/articles/d58224ce22f9a38fb50f9b3853b9e228.webp)
![«Көреміз»: Дариға Бадықова пластикалық ота жасату туралы айтты](/img/articles/081a259555e319212316f67db21b6004.webp)
![Ақбота Керімбекова «Аппақ гүлдетіп» ән салған емшіге қатысты пікір білдірді](/img/articles/40adc24f2859c312b155e9f10e952f12.webp)
![«Меломен» тобының мүшесі «қол көтерді» деп айыптаған әйеліне жауап берді](/img/articles/54f96a2ad086e4c5859b6d99fb52622f.webp)
![Ерке Есмахан күйеуі Раймның ұлымен қалай уақыт өткізетінін айтты](/img/articles/3163ae5a353f97da56dec76135016a07.jpeg)
![Майя Бекбаева желіге суретін жүктеп, сөзге қалды](/img/articles/e1287eea63de481647c6a1551e8aee83.jpeg)
![Желіде Димаш Құдайбергеннің бейтаныс аруға сөз салған видеосы тарады](/img/articles/abaaf79478a8dc1c06e3430376fc43bb.webp)
![Төреғали Төреәлінің қарындасы ажырасу жайлы өз ойын айтты](/img/articles/1c76bc8a3d53924d6e032df62db401be.jpeg)
![«Сөйлегендер сөйлей берсін»: Ерке Есмахан ата-енесі туралы айтты](/img/articles/08d7bee32ef3c28d72c96096875ec695.jpeg)
![Ерке Есмахан: Қызды жоспарлап келдік](/img/articles/367882364cdfdb78c0f5e6b35b1b809a.jpg)
![Заңғар Нұртас: Жұмыс істемесем де болады](/img/articles/1113a4257a544f781d0ea4888be3ff85.webp)
![Бағлан Әбдірайымов киносына қанша қаражат жұмсағанын айтты](/img/articles/c37d7f0da593daf30ef8cc626e0c7b73.webp)
![«Мен гастрольде жүргенде...»: актер Алмат Сақатов әйелі туралы өз шындығын айтты](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_05_30_at_15_20_14_1cc7ab4bf2.jpeg)
![«Маған сөз саласыз ба?»: Дина Төлепберген күйеуімен қалай танысқанын айтты](/img/articles/uploads/1200xauto_be_LWN_60e_Ajlomj0fs_Avg_E_Qiq_E_Yslc_Ubg_OST_Ott1_D_63c681e15e.png)
![Ерке Есмахан Райыммен жас айырмашылығын бетіне басатындарға жауап берді](/img/articles/uploads/erke_rajm_3cbe43fc33.jpg)
![Бақыт Шадаева үшінші күйеуі сотталып кеткенін айтты](/img/articles/uploads/62540bf2bf077458694571_1a4ebe5a25.jpg)
![Гүлзира Айдарбекова қай келінін қатты жақсы көреді?](/img/articles/uploads/b90b93b10a915d57_ffef04e153.webp)
![Әнші Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі жайлы айтпауды сұрады](/img/articles/uploads/ec6d5d47b3d17c02_5983678a46.jpg)
![«Сізге ескерттім»: Әнші Шахизада мен тележүргізуші Дина Төлепберген жанжалдасып қалды (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/bkk_1c92078b73.jpg)