00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

«Махаббатымыз лапылдап...»: Ерке Есмахан қуанышты сәттерін еске алды

18.01.2024 | 05:00
163
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Бесік тербетіп отырып, былтырғы қаңтар мен биылғы қаңтардың бір жыл аралығын ойлап, бақытты сәттер көз алдымнан зымырап өтті. Естеліктерді бөліскім келіп кетті, - дейді әнші.

1.png

Жаңа 2023 жыл басын Райм екеуміз Швейцария, Венеция, Милан, Комо қалаларын аралаумен бастадық. Қаңтардың 10-ы Алматыға келдік. Сол күні интернетке осы сурет шықты. Ол у-шу естеріңізде шығар. Халықтың білгеніне қуанған Райм, толық суретті өз парақшасына салып, неке қиямыз деп жоспар құрды. Бұл сурет Венецияда түсірілген еді. Махаббатымыз лапылдап, бақыттың құшағында неке қиюға Оралға ұшып келдік, - дейді Ерке Есмахан.  

2.png

19 қаңтарда неке қиылғаннан кейін Ерке мен Райм бұл сәтті атап өту үшін Дубайға ұшып кеткен. Ал 19 ақпанда сырға салу рәсімі өткен. Наурызда Райм Қазақстанды аралап концерт бергенде Ерке жанында болғанын айтты. 

Сәуірде Ораза болды. Ауызашарлардан қалмай жүрдік. Жолдасым ораза ұстады, ал мен ұстамадым. Себебі Ораза кезінде аяғым ауыр екенін білдік. Наурыздағы концерттерде қасына бекер еріп жүрмеппін, - дейді әнші.

3.png

Ал мамырда жұп Лондонға сүйікті әншінің концертін көруге кеткен. Бұған дейін Ерке мен Райм осы айда некесін заңдастырған. Маусымда «Бұл Махаббат» бейнебаянына дайындық басталған. Кейін жұп Мальдив аралдарына жол тартқан. Ал тамызда бейнебаян жарық көрді. 

Қарашаның 23-і Райымбекұлы Ислам дүниеге келді, - дейді Е.Есмахан. 

88ad21b7ffeedfddd59aab6af73f4903.png

Все новости