00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Мақсат Базарбаев достарының азайғанын айтты

23.08.2023 | 06:30
149
Фото: maksat_bazarbay

Әнші Мақсат Базарбаев әлеуметтік желіде достарының азайып бара жатқанын айтып, жан сырымен бөлісті, деп хабарлады Elorda.info.

«Менің де достарым азайып барады. Ненің белгісі екен? Кейде ойланып кетемін де қорқамын. Жалғыздық тек Аллаға жарасар. Ең бастысы, қызғаныш пен бәсекелесу екен. Менің айтайын дегенім, ата-анамды, бауырларымды, елді сағындым», - деп жазды Мақсат Базарбаев Instagram парақшасында. 

Желі қолданушылары қазіргі таңда Түркия елінде жүрген әншінің бұл жазбасын қызу талқыға салған. «Дұрыс айтасыз. Жас келген сайын достар азаяды», «Бұл өмірде достықтың құндылығы азайып кетті», «Қалтаңда ақшаң мен дәрежең болса, дос көп. Ал ештеңең болмаса, досың түгілі туысың жоқ», «Досың азайып, жаңында шын жанашырың - тек әйелің қалады», - деп жазды желідегілер. 

Айта кетейік, Мақсат Базарбаев - «МузАрт» тобының алғашқы құрамының экс-әншісі.

Все новости