00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мұхамеджан Тазабек болашақ жарды таңдаған кезде неге мән беру керегін айтты

17.10.2023 | 10:00
180
фото: kznews.kz

Айтыскер ақын, психология ғылымдарының кандидаты Мұхамеджан Тазабек өзінің Instagram парақшасында жар таңдауға қатысты бейнежазба жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Менен көп жастар: «Аға, сіз жарыңызды қалай таңдадыңыз?» деп сұрайды. Сонда бір нәрсе есіме түседі. Сонда әрине, адам, жігіт ретінде жан-жағыңдағы қыздарға «Қайсысы менің жарым болады екен? Қайсысы ұл-қыздарымның анасы болады екен?» деп көз саласың ғой. Бірақ бір қариямен кездесіп қалғанда: «Балам, пенде болған соң шатасуың мүмкін. Құдай шатаспайды. Алладан көбірек тіле» деді. Тура сол кезде Рамазан айы келіп қалды. Сөйтіп Рамазан айында күнде бір ай бойы тарауық намазға барамын. Намазға ертерек барамын, кешірек қайтамын. Сонда Алладан: «Алла, мен де ел танып отырған жігітпін ғой. Ел жақтаған жігітті қыз жақтаған. Иә, қыз жоқ емес шығар. Бірақ нағыз менің бақытым болатын, ұл-қыздарым: «Oсындай ана таңдап беріпсіз, рахмет сізге» дейтіндей, ата-анам риза болатындай, өзімнің көңілім суымайтындай, бір-бірімізге сәйкес келетіндей жақсы адам нәсіп етші» деп жалынып сұрадым, – дейді ол. 

Ақын жарды таңдаған кезде неге мән беру керегі туралы айтты. 

Жар таңдаған кезде саған ықыласпен, саған тағдырды берген, жақсылықты, бақытты берген Алладан күндіз-түні сұрау керек. Екіншіден, жарды жақсы ортадан іздеу керек”, – дейді Мұхамеджан Тазабек.

Все новости