00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Ерке Есмахан көпшілікке баласын бесікке салғанын көрсетті

15.01.2024 | 05:00
143
фото: instagram.com/erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында ұлын бесікке салғанын көрсетті, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін нәрестеге қатысты тағы бір әдемі дәстүр жасалды. Исламды бесікке салдық. Әжелері түбегін, шүмегін салып, бауын тартып, жабуын жапты. «Тыштымасын» жасап, бәріміз «Бесік жырын» айтып бір тойлап алдық. Аллаға шүкір! Ұйқың тәтті болсын, бөпешім, - деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары Ерке мен Раимның бұл қуанышына ортақтасып, жылы лебіз білдірді. «Бесігі құтты болсын», «Сәбидің ұйқысы тыныш болсын», «Сәби аңсаған әр отбасыға жұғысты болсын», - деп жазды желідегілер. 

Все новости