00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Әбдіжаппар Әлқожа бәйбішесіне арнап ән шығарды

21.08.2023 | 05:30
137
Фото: abdizhappar_alkozha

Әбдіжаппар Әлқожа «Бәйбіше» атты жаңа әнінен үзінді жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл әнге қатысты желіде екіұдай пікірлер жазылды.

Өнер иесі Instagram парақшасында "Бәйбіше" деп аталатын әнінен үзінді жариялап: "Бұл әнге тек бәйбішелеріңізбен билеңіздер", - деп жазба қалдырған. 

Әннің мәтініндегі: 

-Жан әлемің әдемі, соған қарармын, 

Үйде көп болмасам да, қоғамда бармын. 

Негізінде, мен саған, жаным адалмын,

Оған да адалмын, саған да адалмын", - деген жолдар желі қолданушылары арасында түрлі пікірталас тудырды.

"Тоқал деп үйдегі жарыңның жанын жараладың-ау сен, алтындай 3 ұл туып берген адал жарыңа"; "Тоқалдарға точно ұнамайды"; "Оған да адалмын дегені қалай кетті?!", "Тоқалың бар ма?", - деп жазды желі қолданушылары. Әбдіжаппар болса, өзінің әйелімен бақытты екенін айтқан. 

Все новости