00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бауыржан Сатов әйелі Альбина Шардарованы қызғанатынын жасырмады

08.11.2023 | 10:00
131
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық танымал жүргізуші Бауыржан Сатов келіншегі әнші Альбина Шардаровамен алғаш танысқан кезін есіне алып, отбасылық өмірі қалай өтіп жатқанын айтты, деп хабарлады Elorda.info

Бауыржан Сатов жұлдызды әйелін әлі де қызғанатынын жасырмады. Оған желіде Альбина Шардарованы Қуандық Рахымға қосып жататыны ұнамайды екен. 

Альбинамен Тараздағы концертте таныстық. Сосын мен жол бойы Альбина жайлы айттым. Ол маған қатты ұнады, ғашық болдым. Үйленгім келді. Содан кейін хикаямыз басталды. Альбина халықтың алдында жүрген әнші. Мен оны қызғанамын. Алдында Қуандық Рахыммен батысқа гастрольдік сапарға кетті. Мен екі баламен үйде қалдым. Желіде жазылып жатқан пікірлерді оқыдым. «Екеуі жақсы жарасады, әттең екеуі қосылмады» деп көп жазады. Дегенмен қанша жыл өтсе де, ол сөздер тиеді екен. Қуандыққа қызғанбаймын. Бірақ, маған емес, Қуандыққа көп жарасады деген сөздерге ренжимін, - деді ол. 

Оған қоса, Сатов келіншегінен көбінесе өзі кешірім сұрайтынын айтып қалды. Ол әйелімен кейде елдің көзінше ұрысып қалатынын жеткізді. 

Альбина екеуіміз ренжіскен кезде әркез мен кешірім сұраймын. Альбинаның келіп, кешірім сұрағаны есімде жоқ. Мен тез ашуланып, тез басыламын. Кейде Альбинаға елдің көзінше ұрысып жіберетінім бар. Ол дұрыс емес. Елдің көзінше ондайды көрсетпеу керек екен. Оны енді түсініп келе жатырмыз, - деді актер Urpaq подкастында. 

Все новости