00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

«Арамызда керемет махаббат болған жоқ»: Әнші не үшін ажырасып кеткенін айтты

28.12.2023 | 10:00
121
Фото: ашық дереккөз

Белгілі әнші Дильназ Ахмадиева, ұлының әкесімен не себепті ажырасып кеткенін айтты. Оның айтуынша,  жолдасы екеуінің арасында махаббат болмаған, деп жазды Elorda.info 

Жақында 4:1 подкастында қонақ болған өнер иесі екінші некесіне қатысты браз сырын  айтты. 

Екінші рет тұрмысқа 4 жылдан кейін шықтым. Отандық жобаның түсірілімі кезінде таныстық. Бірақ жоба кезінде мүлдем араласпадық, ер адам ретінде оған ешқандай қызығушылығым болмады. Бәрі аяқ асты болды. Біз бір-бірімізді жан дүниемізбен түсінетінбіз. Ішкі сезімдеріміз арқылы сырласқанда жақын адамдар екенімізді түсіндім. Арамызда керемет махаббат пен сезім болған жоқ. Оны екеуіміз де мойындаймыз. Мен өзім үшін дұрыс шешімдерді іздей бастадым. Жасым да кетіп бара жатқанын түсіндім. Бала сүйгім келді. Бедеулікпен күресіп жүрген соң, уақытым аз екенін білдім. Ортақ қызығушылық пен толассыз әңгіме екеуміздің шаңырақ көтеруімізге әкелді, - деді әнші сұхбатында. 

Оның айтуынша олар ажырасып кетсе де бұрынғы күйеуі баласымен де өзімен де әлі күнге дейін барынша жақсы қарым-қатынаста. 

Ортақ баламыз бар. Біз бүгінде дос ретінде араласамыз. Бір-бірімізден кеңес сұраймыз. Бар уақытын баласына арнауға тырысады. Оған алғыстан басқа айтарым жоқ , – деді Дильназ. 

Все новости