00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Алтынай Жорабаева: Бақыттан басым айналып жүр

31.07.2023 | 10:30
93
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Балаларын шетелге демалысқа жіберген өнер иесі үйде күйеуінің өзіне қалай қамқорлық танытатынын баяндап берді, деп хабарлады Elorda.info

Әнші Алтынай Жорабаева өзінің instagram парақшасында соңғы уақытта әлеуметтік желіден көрінбей кетуінің себебін айтты.

-Соңғы уақытта әлеуметтік желіден алыстап кеттім. Негізі бақыттан басым айналып жүр. Үйдегі, жұмыстағы көмекшілерімді демалысқа жіберіп едім. Тойға да көмекшісіз шығатындықтан, сурет немесе видео салуға ерінемін. Ал бала-шағаны бір айға Аланияға жібердік. Үйде отағасы екеуміз ғана. Құдай-ау, жолдасым "ештеңе істеме" дейді ғой. "Ұйқыңды қандыр", "Өзіңе ұнайтын нәрсені жаса", "Фильм қара" дейді. Тіпті таңертең жұмысқа дыбысын шығармай, жай киініп, бетімді сүйіп шығып кетеді. Аллаға сансыз шүкір", - деп жазды Алтынай Жорабаева. 

Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір білдіріп, тіпті біреулері «Жорабаеваның аяғы ауыр» деп болжам жасады.

Все новости