00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Қайрат Нұртас мінген көлік жол ережесін өрескел бұзды (ВИДЕО)

01.04.2023 | 00:53
Елорда ақпарат
122

Талдықорғанда Қайрат Нұртас мінген көлік жүруге тыйым салынған жермен жүріп өтіп, жол ережесін бұзған, деп хабарлады Elorda.info.

Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртастың көлікпен жүруге рұқсат етілмеген жермен кетіп бара жатқан видеосы тараған болатын. Бұл оқиғаға көпшілік қауым наразылық білдіргеннен кейін жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі анықталды. Нәтижесінде жүргізуші жазаланды.

Mercedes-Benz жүргізушісі Талдықорған қаласында ҚР Жол ережелерін бұзуға жол бергенін хабарлаймыз (Қозғалысқа тыйым салынады). Іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы автокөлік жүргізушісі Алматы қаласының аумағында ұсталып, ҚР ӘҚБтК 601-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды (Жол белгілерімен көрсетілген талаптарды сақтамау). Жетісу полициясы азаматтарға белсенді азаматтық ұстанымын көрсеткені, құқық бұзушылықтарға бейжай қарамағаны және құқықтық тәртіп органдарына жәрдемдескені үшін алғыс білдіреді, - делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, өнер иесі видеоны Талдықорғанның орталық алаңында түсіріп жариялаған. Ал орталық алаңда көліктерге жүруге шектеу қойылған.

Все новости