00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Айгүл Иманбаева «Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға түсті

31.03.2023 | 22:34
Елорда ақпарат
141

Танымал эстрада әншісі, актриса Айгүл Иманбаева Ұлыбритания еліне оқуға түскенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

Достар, сүйінші, құттықтап қойсаңыздар болады! Мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбритания еліне, Лондон қаласына оқуға түстім. Бүгін сол жаңалығыммен «Өмір көркем» бағдарламасында бөлістім. Тілекші болған жандардың да бар арманы орындалсын, – деп жазды ол.

Әншінің оқырмандары оның қуанышына ортақтасып, ақ тілектерін жаудырды.

«Құтты болсын», «Алла зейініңді ашсын», «Құтты болсын, пайдалы білім болсын», «Жолыңыз ашық болсын», «Әрдайым биіктен көріне бер», «Жарайсың!», «Еңбегіңіз жемісті болсын!», – деп жылы лебіздерін білдірді желі қолданушылары.

Все новости