00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

«Галош сияқты ғой»: Мәдина Сәдуақасова бренд аяқ киімімен тағы да мақтанды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 20:42
Елорда ақпарат
108

Отандық әнші Мадина Сәдуақасова «Түнгі студияға» қонаққа келіп, желіні шулатқан бренд аяқ киімі туралы айтып берді. Ал бағдарлама жүргізушілері әншіге гүлмен көмкерілген галошты сыйға тартқан, деп хабарлады Elorda.info KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Бағдарлама жүргізушісі Салтанат әншіден «Жақында ғана әлеуметтік желіде сіздің 460 мың теңгеге алған аяқ киіміңіз тарап кетті. Халық арасында «Біздің кәдімгі галош сияқты ғой» деген пікір тарап жатыр. Сондықтан сізге сыйлығымыз бар», - деді.

Ал әнші бренд аяқ киімін Мәскеуге барған сапарында сатып алған.

Оқи отырыңыз: «Хит - гәлөшім»: Мәдина Сәдуақасова жарты миллион теңгелік аяқ киімін көрсетіп мақтанды

«Тиын санап қалдым»: банк Мәдина Сәдуақасованың шоттарын бұғаттап тастаған (ВИДЕО)

Ол - галош емес, мюли ғой. Givenchy фирмасыныңкі. Бірақ халық галош деп жатыр. Мен оны соңғы коллекциядан алдым, Givenchy деп жүрмін. Киген кезде ыңғайлы, өте стильді көрінеді. Бірақ халық «Мадина Сәдуақасованыкіндей» деп челлендж жасап, галошпен суретке түсіпті. Негізі ұқсайды, иә, - деді Сәдуақасова.

Айта кететіні, бағдарлама жүргізушілері студияда әншіге гүлмен көмкерілген галош аяқ киімін сыйға тартты.

Все новости