00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Масқара»: Ерке Есмахан әннің сөзін ұмытып қалып, ұятқа қалды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 19:34
Елорда ақпарат
84

Әр қадамын көпшілік қалт жібермейтін Ерке тағы да халықтың алдында масқара болды. Өнер иесі бұл жолы өз репертуарындағы әннің мәтінін ұмытып, оның үстіне әнінің фонограммасы қосылып кетіп, ұятқа қалды, деп хабарлады Elorda.info.

Танымал эстрада әнші күні кеше Семейге Республика күніне арналған мерекелік концертке барған. Видеодан белгілі болғандай, сахнада ән салып тұрған Ерке өзінің репертуарындағы «Аэропорт» әнінің сөзін ұмытып қалады. Ыңіғайсыз жағдайға қалған әнші әннің сөзін есіне түсіре алмай, біраз қиналған. Сәлден кейін ойламаған жерден әншінің фонограммасы қосылып кетіп, тағы да масқара болған.

Миллион рет айтып жүрген әннің сөзін ұмытқан қалай кетті? — деп жазды әнші ұялғанынан.

Фонограммасын әрең тоқтатып үлгерген Ерке әнін қайтадан бастап, жанды дауыста шырқауға мәжбүр болған.

Все новости