00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Димаштың бейнебаяндары Мехико метросында көрсетілуде

31.03.2023 | 16:53
Елорда ақпарат
86

Ролик апта бойы сағат сайын 576 экранда көрсетіледі.

Димаштың Мексикадағы фан-клубының арқасында бейнероликтер көрсетілді. Dears ең танымал теледидарлық желілердің бірі – Мехико қаласындағы метрода музыкалық бейнеклиптер мен мәдени жаңалықтарды орналастырумен айналысатын Isa TV-ге хабар тарату туралы өтініш жіберді.

Трансляцияның өтуі үшін Dears Isa TV ресми Instagram-аккаунтындағы посттың астына 2000 лайк жинау керек болды, Димаш шығармашылығының жанкүйерлері оған небәрі екі күннің ішінде қол жеткізді.

Осылайша, 6 қыркүйекте Мексика астанағасындағы метроның 70 станциясында Димаштың Fly Away әніне түсірілген видеосы көрсетілді. Метро – қаланың негізгі көлік құралдарының бірі, сондықтан бейнені 3 миллионға жуық адам көреді.

Все новости